ГКП на ПХВ «Высший медицинский колледж»
управления здравоохранения г. Шымкент

Шымкент қаласының колледж студенттері арасында мемлекеттік қызмет құндылықтарын насихаттау және…

Высший медицинский колледж Шымкента > Новости > Шымкент қаласының колледж студенттері арасында мемлекеттік қызмет құндылықтарын насихаттау және…

Шымкент қаласының колледж студенттері арасында мемлекеттік қызмет құндылықтарын насихаттау және ерте кәсіптік бағдар беруді ілгерілетуге бағытталған айлық аясында «Қозғалыс» және «Көшбасшы» дебат клубтарының командалары арасында мемлекеттік басқару мәселелері бойынша пікірталас ұйымдастырылды.
Пікірталас барысында қатысушылар мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін талқылап, түрлі көзқарастар мен тың ұсыныстарын ортаға салды. Командалар өз позицияларын нақты дәлелдермен қорғап, қарсы тараптың пікірлеріне сауатты түрде жауап бере білді.
Нәтижесінде студенттер өз білімдері мен шешендік қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, мемлекеттік қызметтің маңыздылығын терең түсінуге мүмкіндік алды.