Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

«Жас патолог-2024»

24-сәуір күні ІІ-курс білім алушылары арасында “Емдеу ісі”, “Мейіргер ісі”, “Акушерлік іс” және “Лабораториялық диагностика” мамандықтары арасында “Жас патолог-2024” зияткерлік байқауы өтті.

Сайыс бес кезеңнен тұрды: топтардың өздерін таныстыруы, бейнероликтер бойынша патологиялық құбылыстарды анықтау, микропрепараттарға сипаттама беру, топбасшылар сайысы және Kahoot-әдісі бойынша тест тапсырмаларын орындау.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Мейіргер ісі» мамандығының білім алушылары үздік деп танылып, “Жас патолог-2024” бас жүлдесін жеңіп алды.

Қалған қатысушылар «Жүйрік топ», «Қырағы көз», «Ізденімпаз топ» номинацияларымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.