ГКП на ПХВ «Высший медицинский колледж»
управления здравоохранения г. Шымкент

«Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы: ерте жүктіліктің алдын алу» 2026 жылы 18…

Высший медицинский колледж Шымкента > Жаңалықтар > «Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы: ерте жүктіліктің алдын алу» 2026 жылы 18…

«Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы: ерте жүктіліктің
алдын алу»

2026 жылы 18 ақпан күні акушерия және гинекология пәні оқытушысы
И. Қалжігітқызының ұйымдастыруымен колледжде АК 24 «В» және ФР 24 «Б» топтары білім алушыларының арасында «Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы: ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында репродуктивті денсаулық туралы білім деңгейін арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікті қалыптастыру, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды және ерте жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кездесу барысында білім алушыларға репродуктивті денсаулықтың маңызы, ерте жүктіліктің медициналық және әлеуметтік қауіптері, оның болашақ өмірге ықпалы туралы жан-жақты әрі нақты ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстану, сенімді ақпарат көздеріне жүгіну және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігі атап өтілді.
Кездесу соңында қатысушыларға электрондық форматта репродуктивті денсаулық бойынша жадынамалар таратылды.

«Репродуктивное здоровье подростков: профилактика ранней беременности».
18 февраля 2026 года под руководством преподавателя акушерства и гинекологии И.Калжігітқызы в колледже было проведено информационно-разъяснительное мероприятие с обучающимися учебных групп АК 24 «В» и ФР 24 «Б» на тему «Репродуктивное здоровье подростков: профилактика ранней беременности».
Цель мероприятия – повысить уровень знаний молодежи о репродуктивном здоровье, формировать ответственное поведение, а также разъяснить вопросы профилактики инфекций, передающихся половым путем, ранней и незапланированной беременности.
В ходе встречи обучающимся представлена подробная информация о значении репродуктивного здоровья, медицинских и социальных рисках ранней беременности и ее влиянии на дальнейшую жизнь. Особое внимание было уделено о необходимости ведения здорового образа жизни, обращения к достоверным источникам информации и ответственного отношения к собственному здоровью.
В заключении участникам встречи были розданы в электронном формате памятки по репродуктивному здоровью.