«Менің шекарам – менің құқығым»
2026 жылғы 18 ақпанда білім алушылардың қатысуымен «Менің шекарам – менің құқығым» тақырыбында дебат өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастардың жеке шекара туралы түсінігін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту болды.
Дебат барысында бейнероликтерді тамашалағаннан кейін білім алушылар зорлық-зомбылықтың, мәжбүрлеудің, психологиялық қысым көрсетудің және сталкингтің белгілері, олардың салдары мен алдын алу жолдары сияқты өзекті мәселелерді талқылады.
Талқылау кезінде білім алушылар өз пікірлерін ашық білдіріп, өмірден мысалдар келтірді және құқықтық тұрғыдан қандай әрекеттер жасау қажет екендігі жөнінде көзқарастарымен алмасты. Оқытушылар тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әр адамның жеке шекарасы мен құқықтары қорғалуы тиіс екені ерекше атап өтілді.
Іс-шара аясында дебатқа қатысушылар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары, көмекке жүгіну мүмкіндіктері және сенім қызметтерінің маңызы туралы маңызды ақпарат алды.
Қатысушылар мұндай мазмұнды іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, қоғамда зорлық-зомбылыққа деген теріс көзқарас қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

