Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

«Қайда оқуға болады»

2025 жылдың 22 сәуір күні 2024-2025 оқу жылына арналған кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес колледж оқытушылары Шымкент қаласындағы №№ 10, 14, 16, 75, 129, 132, 140 жалпы орта мектептердің түлектері арасында «Қайда оқуға болады?» атты кәсіптік бағдар беру іс-шарасын өткізді.

Мектеп оқушылары симуляциялық орталықта болды, онда колледждің білікті оқытушылары олармен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның соңында мектеп оқушыларына колледжге түсушілерге арналған бейнеролик көрсетілді.