Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Мейіргер ісі №2 бөлімшесі

Избасарова Айгул Зиябековна

«Қолданбалы бакалавр» біліктілігімен Мейіргер ісі №2 бөлімінің меңгерушісі

Номер+7 (7252) 53-09-10 (115)
КабинетД корпус 101 каб. 1 қабат

2018 жылдан бастап колледжде Финляндияның қолданбалы ғылымдар университетінің сарапшыларымен бірлесіп әзірленген жоғары кәсіби клиникалық бағдарланған медициналық мамандарды даярлау үшін «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавр білім беру бағдарламасы енгізілді. Мейіргерлік практиканы үздіксіз жетілдіру және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мейірбике мамандығын алғысы келетіндерді оқытудың сапасы мен сәйкестігін тиісті түрде арттыруды, сондай-ақ, жұмыс істеп жүрген мейірбикелердің біліктілігін үздіксіз арттыруды талап етеді.  Бүгінгі   таңда барлығы 287 жеделдетілген траекториясы бойынша қолданбалы бакалавр мейірбикесі, 189 қолданбалы бакалавр  мейірбикесі,   Массажист 8 дайындалды.

          Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы еуропалық директиваларға сәйкес әзірленген және білім алушылар уақытының шамамен 50%  клиникалық  базада  өткізеді.

          Бұл оқытудың негізгі мақсаты — оқу кезеңінде және практикалық іс-әрекетте алған білімдерін белсенді және тиімді пайдалана алатын, сыни және аналитикалық ойлауға, ресурстарды тиімді басқаруға және пациенттің қауіпсіздік қағидаттарына сәйкес жұмыс істеуге қабілетті жаңа формациядағы тәжірибеге бағытталған мейірбике мамандарын даярлау.

          09130100 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша мамандарды «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен оқыту ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес білікті оқытушылар құрамымен жұмыс оқу жоспары бойынша жүргізіледі. Барлығы 34 оқытушы, оның ішінде 12-ы мейіргер ісінің   магистрі, 15-і  академиялық мейіргер ісінің  бакалавры. Соңғы бес жылда барлық штаттық оқытушылар біліктілігін арттырудан өтті.

          Колледжде клиникаға дейінгі оқытудың барлық кезеңдерінде білім алушыларды тәжірибеге даярлау үшін практика кабинеттері мен  симуляциялық орталықта жағдайлар жасалған.

          Бүгінгі таңда колледждің клиникалық базаларында «Ментордің білім беру бағдарламасы» циклі бойынша арнайы даярлықтан өткен 109 ментор  сабақ жүргізеді.

          Білім алушылар EGOV кабинеті, интернет, лингафон кабинеттері, спорттық кешені, зертханалар, кітапхана, асхана, жатақхана сияқты барлық оқу ресурстарына қол жеткізе алады.

          Тәжірибелік дағдыларды игеру және кәсіби құзыреттіліктерді меңгеру үшін бөлімде оқытудың техникалық құралдарымен, заманауи муляждармен және фантомдармен жабдықталған симуляциялық орталықтарда, аудиторияларда, зертханаларда, арнайы кабинеттерде білікті оқытушылар сабақ жүргізеді. Сондай-ақ, кәсіби құзыреттіліктерді игеру колледждің клиникалық базаларында жүзеге асырылады.

Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасының білім беру сапасын жақсарту бойынша кітапхана қоры 10581 кітапты құрайды, оның ішінде-5209 оқулық, 3238 оқу-әдістемелік құрал, 19 электрондық оқулық.

            Мейіргер ісі -2 бөлімінің жетістіктері

«Қолданбалы бакалавр»  мамандығы

2023 жылғы 23-26 қараша күндері Астана қаласында «FUNAKOSHI SHOTAKAN» каратэ қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен XXIII ФСКА әлем чемпионатына ҚБ 23 «А» тобының білім алушысы Кеңес Балауса қатысып, жүлделі III орынмен марапатталды.

             2023 жылы «Пара жеңіл атлетикадан тірек-қимыл аппараты және көру органдары зақымданған ересектер арасындағы» Қазақстан Республикасының чемпионатында Т-11 класста 400м дисциплинасы бойынша I орын алғаны үшін ММ 23 «А» тобының білім алушысы Арипбаев Нурмахан Алматы қаласы, Қазақстан Республикасының Туризм және Спорт Министрлігінің Спорт және Дене шынықтыру істері комитеті Төрағаның м.а. Р.Сериковтан диплом алды.

             2023 жылы «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша «WORLD SKILLS 2023» аймақтық чемпионатына қатысқан  ҚБ 20 «А» тобының білім алушы Нарзиева Маржан Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының І дәрежелі дипломымен және медалімен марапатталды. Жетекшісі: Абдан А.

2024 жылы «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша «Worldskills Shymkent — 2024» аймақтық чемпионатына ҚБ 22 «Б» тобының білім алушы Фарид Диана қатыстырып сертификат алды. Білім алушы Фарид Д.И.  Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының І дәрежелі дипломмен және медальмен марапатталды. Жетекшісі Абдан А.Қ.

2024 жылы 22 қараша күні колледждің бірінші курс білім алушылары арасында өткен «Күз ханшайымы — 2024» сайысында ҚБ 24 «Б» тобының білім алушысы Гулсая Бауыржанқызы өнер көрсетіп, бас жүлдеге ие болды.

             2025 жылы «Medskiils Zhetysu — 2025» Республикалық чемпионатында ФР 23 А тобының білім алушысы Кенжебаев Дінмухаммедке жетекшілік жасап Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі бірінші вице – министр Т.Сұлтанғазиевтен  3 Дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Мамыр М.

2025 жылы «Пара жеңіл атлетикадан көру органдары зақымданған спортшылар арасындағы» Қазақстан Республикасының VІІ спартакиасында Т-11 класста 1500м дисциплинасы бойынша I орын алғаны үшін Арипбаев Нурмахан Алматы қаласында, Қазақстан Республикасының Туризм және Спорт Министрлігінің Спорт және Дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Р.Б. Есеналиннен марапатталды.

2025 жылы «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ң ШЖҚ «Талғар жоғары медицина колледжі»  КМК «Мейіргерлік білім беру және ғылыми зерттеулер» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін Сүйінбай А. ІІ дәрежелі Дипломмен мараппаталды, ғылыми жетекшісі: Избасарова А.

          2025 жылы қараша Абдулла Т.,  Мамыр М., «Артериялық гипертензиясы бар пациенттердің өмір сүру сапасын қамтамасыз етудегі мейіргердің  рөлі» атты тақырыбында  «Мейіргерлік тәжірбиенің болашағы кәсіби автономияға қарай жол»  ғылыми- тәжірбиелік конференция  Алматы қаласы, «Талғар жоғары медицина колледжі»  сертификатқа ие болды.

             2025 жылы  ҚБ 24 «А» тобының білім алушысы Тоқтарбек Назгүл «Қазақстан Республикасындағы мейіргер мамандығының дамуы. Ғылым. Ізденіс. Инновация» атты VIІ Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Абдан А.