Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Мейіргер ісі №1 бөлімшесі

Турбекова Ботагоз Сапаралиевна

Мейіргер ісі № 1 бөлімінің меңгерушісі

Номер+7 (7252) 53-09-10 (111)
КабинетВ корпусы, 5 қабат

2018 жыл. Азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі, мінсіз, адал еңбегі үшін және медицина қызметкері күніне орай Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекованың Алғыс хатымен марапатталған. 

2020 жыл. ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында денсаулық сақтау саласының өркендеуі жолында өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, қызметтік міндеттерін адал, үлгілі, әрі мінсіз атқарғаны үшін Құрмет граматосымен марапатталған.

2022 жыл. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

         1936 жылдан бастап колледж базасында «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша кадрлар даярлау жүргізілуде. Оқу орнымыз осы күнге дейін 10508 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша орта буынды медицина мамандықтарын дайындады. Бөлімде 2023 және 2025 жылдардағы  Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес 4S09130103 «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігімен 09130100 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша даярлық жүргізіледі.

          Кредиттік модульдік оқыту технологиясы бойынша білім алушыларды дайындау деңгейі базалық және кәсіптік құзыреттіліктерді қалыптастырудың базалық және кәсіптік модульдерін меңгеруді қарастырады.

        Базалық құзыреттер мамандық бойынша әзірленеді және әлеуметтік жауапкершілік, еңбекті ұйымдастыру, жұмыс орнындағы басқа адамдармен қарым-қатынас, сонымен қатар қоршаған ортаға жауапкершілік мәселелерін қарастырады.

         Кәсіби құзыреттер әрбір біліктілік бойынша жұмыс берушілердің талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұранысын ескере отырып, кәсіптік стандарттар (бар болса) және (немесе) еңбек нарығын функционалдық талдау негізінде әзірленеді.

  • Ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын пайдалана отырып, олардың оқу қажеттіліктерін таниды және оқу мақсаттарын қояды.
  • Мейірбике күтімі процесінде пациенттермен, олардың отбасыларымен және әріптестерімен өзара әрекеттесу кезінде кәсіби этикалық қағидалар мен стандарттарды ұстануды көрсетеді.
  • Өз әрекеттері мен нәтижелері үшін жауапкершілікті өз мойнына алады және жағымды жұмыс ортасын сақтайды
  • Кең ауқымды технологияларды пайдалана отырып, әртүрлі жағдайларда әртүрлі адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алады.
  • Дәлелді білімді, технологиялық жетістіктерді және кәсіби дағдыларды тиімді қолдану негізінде мейірбике күтімінің сапасы мен қауіпсіздігіне жауапты.
  • Білімді көрсетеді және дәлелденген мейірбикелік тәжірибе принциптеріне негізделген емделушіге бағытталған мейірбике ісі процесін жүзеге асырады.
  • Мейірбике күтімін қамтамасыз етеді және дәлелді білім негізінде шешім қабылдайды.
  • Клиникалық шешім қабылдау үшін тиісті медициналық ақпаратты пайдаланады.
  • Оңалту және сауықтыру тәсілін қолдана отырып, пациенттердің функционалдық қабілеттерін бағалайды және жақсартуға ықпал етеді.
  • Науқастың қажеттіліктерін анықтайды, емделушіге бағытталған жоспарды әзірлейді және жүзеге асырады және күтім нәтижелерін құжаттайды және бағалайды. Науқас пен оның отбасына қатысты мейірбикелік шешімдерді қабылдайды.
  • Сапа көрсеткіштері бойынша өз қызметін бағалайды.

 

           2023 жылы Тараз қаласында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде  «Анатомия және физиология үздігі – 2023» Республикалық байқауында колледжіміздің (ІІ курстар) «АТLAS» командасы жоғары деңгейдегі білімі мен дайындығын көрсеткені үшін бас жүлдеге ие болды.

           Атырау жоғары медициналық колледжінің 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Инсульттен кейінгі өмір» атты студенттер арасында өткен республикалық бейнеролик сайысына қатысып, МБ 20 «Д» тобының білім алушысы Қуаныш Дидар ІІ дәрежелі диплом алды.

           «Үздік мейіргер – 2023» атты кәсіби сайыс «Мейіргер ісі 1» бөлімінде ұйымдастырылып,   МБ 20 «А» тобының білім алушылары  Агабек Аружан, Аязбек Аружан, Жұмадилла Жұлдыз, Тансық Гүлнұр  1 орынға ие болды.

       «Жоғары медицина колледжінің бөлімдер арасында өтілетін «Үздік топ жетекші-2024» байқауына МБ 23 «И» тобының топ жетекшісі Б.Е.Серікбай қатысып, өзін жас маман ретінде жоғарғы деңгейде көрсетіп,  «Жаңашыл топ жетекші» номинациясына ие болды.

           «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ұйымдастырған медициналық колледж түлектерінің арасында «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша өткізілген «Үздік мейіргер – 2024» халықаралық байқауында МБ 21 «А» тобының білім алушысы Нышанбаева Севара «Ең үздік тәжірибелік дағдылары үшін» номинациясына ие болды.

         Колледж ішілік бөлімдер арасында 27.02.2025 ж. күні «WorldSkills – 2025» жарысқа МБ 23 «Г» тобының білім алушысы Бердіш Б. қатысып, 1 – орын иеленді. Жауапты оқытушы Тұрарова Д.Ә.

          Колледжішілік 1 курс білім алушылары арасында өткен «Гигиена үздігі» сайысына МБ 25 «В» тобының білім алушылары Еркін Н., Намазбай А., Бахтиер Э., Султанмахмудова Ұ. белсене қатысып, жетекшісі Сыдығалиева Ғ. дайындап, бірінші орынға ие болды.

        «Жоғары медицина колледжінің» бөлімдер арасында өткізілетін «Күз ханшайымы – 2025» сайысына МБ 25 «Д» тобының білім алушысы Сейдахмет Қарақат Мейірбекқызы қатысып, «Ең тәрбиелік қойылым» атты наминациясын иемденді.