Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

«Емдеу ісі және акушерлік іс» бөлімшесі

Дауренбекова Гульбану Батырбековна

«Емдеу ісі және акушерлік іс» бөлімінің меңгерушісі

Номер+7 (7252) 53-09-10 (112)
КабинетВ корпусы 4 этаж 431 кабинет

«Емдеу ісі және акушерлік іс» бөлімінің меңгерушісі

2022 жыл. ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

2025 жыл. «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен мараппатталған.

 «Емдеу ісі» бөлімі туралы

Бүгінгі таңда колледж түлектері қаланың, облыстың және облыстардың медициналық ұйымдарында ғана емес, біздің колледж қабырғасында да, Ресей, Украина, Германияның Медициналық және фармацевтикалық ұйымдарында да еңбек етуде. Біздің колледж жоғары оқу орындарын бітірген және халық пен білім алушылар арасында беделге ие түлектерімен мақтанады.

    09120100 «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы колледждің миссиясына, стратегиялық жоспарына, мақсаттары мен міндеттеріне және білім алушылардың біліктілік пен тиісті құзыреттерді алуға қанағаттануына сәйкес келеді. ББ еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие мамандарды тәжірибеге даярлауға бағытталған.

Кредиттік модульдік оқыту технологиясы бойынша білім алушыларды дайындау деңгейі базалық  және кәсіптік құзіреттіліктерді қалыптастырудың базалық және кәсіптік  модульдерін меңгеруді қарастырады.

 

Мамандарды даярлау сапасын қамтамасыз ету мақсатында бөлімде мынадай жұмыстар жүргізіледі:

  • теориялық және практикалық сабақтардың сапасын бақылау
  • білім алушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуын ай сайын талдау;
  • теория мен тәжірибе бойынша білімдерін бақылау;
  • семестрге қосымша сабақтар мен кеңестер кестесін құру;
  • үлгерімі төмен білім алушылар мен жеке жұмыс жасау;
  • білім алушылардың пәндер бойынша білім сапасын жақсарту мақсатында оқытуда жаңа технологияларды енгізу.

Осы іс-шаралардың барлығы сабақтан қалудың алдын алуға, білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың дайындық сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

2025 жылғы  «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК базасында медициналық колледждердің білім алушылар арасында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша «MedSkiils  Zhetsu-2025» I Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Чемпионатта Шымкент жоғары медицина колледжінің «Емдеу ісі» мамандығында ФР 23 А тобының білім алушысы Кенжебаев Дінмұхамед өз кәсіби біліктілігі мен тәжірбиелік дағдыларын жоғары деңгейде көрсетіп, III жүлделі орын иеленді.

Колледждің жұмыс-оқу жоспарында ББ игеру сапасын бақылаудың мынадай нысандары көрсетіледі:

– ағымдағы бақылау; аралық аттестаттау; қорытынды аттестаттау;

– кәсіби даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру.

 

Колледждің жұмыс-оқу жоспарында ББ игеру сапасын бақылаудың мынадай нысандары көрсетіледі:

– ағымдағы бақылау; аралық аттестаттау; қорытынды аттестаттау;

– кәсіби даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру.

Барлық пәндер бойынша аралық аттестаттауды өткізу көзделеді, оның негізгі нысандары: бақылау жұмысы, сынақ, сараланған сынақ, емтихан болып табылады.

Емтихандар мен бақылау жұмыстарының саны білім алушы иеленуі тиіс білім, білік және құзыреттілік деңгейіне қойылатын талаптарға негізделе отырып айқындалады.

Білім алушының даярлық деңгейін бағалау үшін кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеру аяқталғаннан кейін қорытынды мемлекеттік аттестаттау өткізіледі. Білім алушылардың қорытынды мемлекеттік аттестаттау (АА) оқытудың толық теориялық және тәжірибелік курсын аяқтағаннан кейін, мамандықтың қолданыстағы оқу жоспарында белгіленген мерзімде ОӨП және КП өткеннен кейін жүргізіледі.

Шеберлік, пациенттермен қарым – қатынас жасау, практикалық манипуляцияларды пысықтау-бұл кәсіби қасиеттер білім алушылар практикалық сабақтарда, МО-да клиникалық практикадан өту кезінде қалыптасады.

Колледж әкімшілігі мен базалық МО практиканы ұйымдастыруға және өткізуге, студенттердің практикалық оқудан сәтті өтуі үшін қажетті жағдайлар жасауға, оларға практика бағдарламаларының мазмұнына жауап беретін жұмыс орындарын ұсынуға бірлесіп жауапты болады.   

Түлектер еңбек нарығында сұранысқа ие, үнемі оң пікірлер келіп тұрады.