ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ
Колледждің бірыңғай әдістемелік тақырыбы: «Білім беру саласын жаңа сапалы деңгейде шығару үшін жасанды интелектінің мүмкіндіктерін толық пайдалану».
Әдістемелік кабинеттің негізгі міндеттері:
- Әдістемелік-ұйымдастырушылық:кеңес беру, педагогикалық кеңестер, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу.
- Ақпараттық: нормативтік құжаттаманы, әдістемелік әдебиеттерді, журналдарды және дидактикалық құралдарды жинау, жүйелеу және сақтау.
- Диагностикалық: оқу-тәрбие жұмысының сапасын және педагогтардың кәсіби қажеттіліктерін талдау.
- Инновациялық: оқытудың заманауи технологияларын, формалары мен әдістерін енгізу.
Әдістемелік кабинет жұмысының негізгі бағыттары:
- Білім беру үдерісін кешенді оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді құру және жаңарту.
- Педагог қызметкерлерді педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиет жаңалықтарымен таныстыру.
- Заманауи әдістерді және жаңа педагогикалық оқыту технологияларын зерделеу, жүйелеу және енгізу.
- Бастауыш оқытушыларға заманауи тәсілдерді және озық педагогикалық технологияларды білім беру үдерісіне енгізуге көмектесу.
- Педагогикалық қызметті жетілдіруде -педагогқа ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету.
- Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және кәсіптік қайта даярлауды ұйымдастыру.
- Білім алушылардың және оқытушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру.
- Педагог қызметкерлердің кәсіптік қызметін жетілдіру мақсаты бар педагогикалық семинарлар, дәстүрлі қаңтар педагогикалық оқулар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар және т.б. жұмысын қамтамасыз ету.
ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Әдістемелік кабинет меңгерушісі
Дарибаева Гульмира Абилькасимовна
педагог-шебер, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері

Әдіскер
Жумашев Марат Нуржанович
педагог-модератор

Әдіскер
Аширова Фейруза Гарифуллақызы
педагог-сарапшы

Зертханашы-оператор
Пинчук Ольга Васильевна