Құрметті достар!
Біз сіздерді Шымкент қаласындағы Жоғары медицина колледжінің ресми сайтында қош көрдік!
Бұл сайтта сіздер колледждің тарихы, оның қызмет көрсету бағыттары және құрылымдық бөліктерімен таныса аласыздар. Сонымен қатар, бұл сайтта біз сіздермен колледж өміріндегі күнделікті жаңалықтармен бөлісіп отырамыз. Біздің білім алушыларымыз бен ата-аналар, кәсіп таңдаған талапкерлер, оқытушылар қауымы өзіне қажетті мәліметтер мен ақпараттарды осы жерден таба алады.
Колледжіміздің басты ұстанымы — қазіргі заманғы еңбек нарығында қажетті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін, халықаралық стандарттарға бағытталған жоғары сапалы білім беру қызметтерін ұсыну.
Колледж орта кәсіптік білім беру жүйесінде құқық бойынша берік орын алады. 5 жыл ішінде 139 оқытушы шетелдік өндірістік тәжірибеден өтті. Педагогикалық құрам мен студенттер үлкен нәтижеге қол жеткізді.
Бүгінгі таңда біздің түлектеріміз Шымкент қаласы мен Түркістан облысының медициналық ұйымдарында еңбек етіп, халықтың денсаулығын нығайтуға үлкен үлес қосуда.
Шымкент медицина колледжінің Әнұраны біздің түлектеріміздің есінде мәңгі қалатынына сенімдіміз.