Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Сапа саласындағы саясат және мақсаттары

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Сапа саласындағы саясат және мақсаттары

Сапа саласындағы саясат және мақсаттары

Басты мақсатқа жету үшін колледж келесі мәселелерді шешеді:

  • Жоғары сапалы мамандар дайындау есебінен білім беру қызметі нарығында колледждің болашаққа бедел-бейнесін қамтамасыз ету;
  • Түлектердің біліктілігінің жұмыс берушілер талаптарына сай келуін қамтамасыз ету;
  • Тәжірибелік денсаулық сақтау ұйымдарының тікелей қатысуымен жасалған кәсіби стандарттар мен құзыреттілік  тәсілдеріне негізделген білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
  • Бәсекеге қабілетті мамандар дайындау мақсатымен жұмыс берушілермен  серіктестік қарым-қатынасты дамыту;
  • Білім алушыларды алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету басымдықтарын ескеріп оқыту;
  • Білім алушыларда кәсіби маңызды сапаларды дамыту және олардың оқу әрекеттерінің нәтижелеріне жауапкершілігін арттыру;
  • Мейірбике ісі мамандарын европа нұсқауларына (директиваларына) сәйкес дайындау;
  • Орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру және қайта дайындаудың Типтік бағдарламаларына сәйкес арттыру;
  • Білім беру технологияларының барлық түрлерін кеңінен қолдану;
  • Он-лайн сервистер, кітапхана, дәрісхана құрумен толық ақпараттандыру;
  • Мамандарды дайындау сапасын бақылауды жетілдіру;
  • Колледждің материалдық-техникалық базасын жаңалап жетілдіру;
  • Оқу-клиникалық базаны дамыту;
  • Мамандар мен институционалды әлеуетті күшейту;
  • Заманауи сапа менеджменті негізінде колледжді басқару құрылымын  оңтайландыру: сапа менеджменті жүйесін ұдайы жетілдіру

Колледж басшылығы басты стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті жағдай жасауды, осы сапа саласындағы саясатты барлық қызметкерлердің назарына жеткізуді, түсіндіру мен жүзеге асыруды өз міндетіне алады. Сапа саласындағы осы саясатты жүзеге асыру  колледж ұжымының әрбір мүшесінің міндеті мен ар-ожданы болып табылады.

Сапа саласындағы саясат

Жоғары медицина колледжі орта технкалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі салада білім беру қызметін және жұмыс жасап жүрген мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі қосымша білім беру қызметін жүзеге асырады.

Миссия

Қазақстан Республикасының орта кәсіптік және орта білімнен кейінгі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сай орта медициналық және фармацевтикалық мамандар дайындау.

Колледждің басты стратегиялық мақсаты

Мемлекеттің, қоғамның, денсаулық сақтаудың заманауи жүйесінің талаптарын қанағаттандыра алатын және ұдайы өзгеріп отыратын нарықтық орта жағдайында өзін жеке тұлға және кәсіби маман ретінде көрсете алатын, тәжірибеге бағытталған білімі бар,  жоғары білікті мамандарды дайындау.