ГКП на ПХВ «Высший медицинский колледж»
управления здравоохранения г. Шымкент

«Заң мен тәртіп» 09 сәуірде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында…

Высший медицинский колледж Шымкента > Новости > «Заң мен тәртіп» 09 сәуірде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында…

«Заң мен тәртіп»
09 сәуірде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында колледжде ішкі істер органдарының ардагері, запастағы полковнигі М.Н.Жұмашевтың қатысуымен бірінші курс білім алушылар арасында мазмұнды ашық алаң ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау болды.
Ашық алаң барысында білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Әсіресе жастар арасындағы құқық бұзушылық, интернет қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп және жеке жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды. Кездесу өзара сенім мен ашық диалогқа негізделіп, қатысушылар тарапынан белсенді кері байланысқа ұласты.
Іс-шара соңында білім алушылар жастардың саналы құқықтық көзқарасын қалыптастыруға, дұрыс шешім қабылдауға оң ықпал ететін осындай кездесулердің маңыздылығы туралы өз пікірлерін білдірді.

«Закон и порядок»
09 апреля в рамках проекта «Закон и порядок» в колледже была организована содержательная открытая площадка среди обучающихся первого года обучения с участием ветерана органов внутренних дел, полковника запаса М.Н.Жумашева.
Главной целью мероприятия было