«Мейіргер ісі негіздері» пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің апталығы.
30 наурыз бен 3 сәуір аралығында колледжде «Мейіргер ісі негіздері» пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен мазмұнды да тағылымы мол апталық өткізілді. Аталған апталық білім алушылардың кәсіби қызығушылығын арттырып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға бағытталған түрлі іс-шараларға толы болды.
Апталықтың алғашқы күні «Мейіргер ісі – мерейлі мамандық» атты ашылу салтанатымен басталды. Іс-шара барысында пән оқытушылары білім алушылар мен әріптестеріне қызықты теориялық және практикалық сұрақтар қойып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын кеңінен түсіндірді.
31 наурыз күні оқытушылар мен білім алушылардың қатысуымен «Қозғалыс белсенділігі шектеулі пациенттерге үй жағдайында мейіргерлік күтімді ұйымдастырудағы педагогтың негізгі әдіс-тәсілдері» тақырыбында ғылыми конференция ұйымдастырылды. Конференция барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, тақырып аясындағы өзекті мәселелерді талқылады.
1 сәуір күні «Мейіргер ісі» мамандығы «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігінің 1 курс білім алушылары арасында «Мамандығым – мақтанышым!» атты үздік эс�

