ГКП на ПХВ «Высший медицинский колледж»
управления здравоохранения г. Шымкент

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина…

Высший медицинский колледж Шымкента > Жаңалықтар > Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина…

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық
жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бос лауазымдарға конкурс жариялайды

Конкурс жарияланған лауазымның атауы:
Арнайы пәндер оқытушысы (мамандығы бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру және клиникалық практикаға жіберу туралы маман сертификатының бар болуы):
— Хирургия пәнінің оқытушысы – 5,0 ш.б.;
— Педиатрия пәнінің оқытушысы – 5,0 ш.б.;
— Стоматология пәндерінің оқытушысы – 5,0 ш.б.;
— Акушерия және гинекология пәнінің оқытушысы – 5,0 ш.б.;
— Терапия пәнінің оқытушысы – 5,0 ш.б.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі (2026 жылғы 3 – 11 ақпан аралығында).
Конкурс өткізілетін орын: Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Конкурс өткізетін мекеменің мекен жайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 22, инд:160000, электронды пошта: shmk@edu.kz.
Байланыс телефон: 87018862654
Лауазымдық жалақы мөлшері: 155 734 тенгеден 190 066 теңгеге дейін.
Лауазымның бос немесе уақытша бос болуы: бос лауазым
Лауазым жүктемесі: 1 ставка

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар лауазымға қойылатын талаптар мен тапсырылатын құжаттардың тізімі туралы ақпаратты колледждің кадр бөлімінен алады.