2026 жылы 20 ақпан күні колледж кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ақыны, жыршылық өнердің шебері Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты әдеби кеш өткізілді.
Іс-шараның мақсаты білім алушыларға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, ақынның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін дәріптеу, ұлттық рухты, патриоттық сезімді ояту, поэзияға деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында қатысушылар жыр алыбының өлеңдерін оқып, ән-жырларынан үзінділер орындап, сахналық қойылым көрсетті.
Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған бұл тағылымды кеш көрермендерге рухани серпіліс беріп, ұлттық әдеби мұраға деген қызығушылықты арттыра түсті.
