Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық
жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бос лауазымдарға конкурс жариялайды
Конкурс жарияланған лауазымның атауы:
Арнайы пәндер оқытушысы:
— Хирургия пәнінің оқытушысы – 5,0 ш.б.;
— Педиатрия пәнінің оқытушысы – 5,0 ш.б.;
— Стоматология пәндерінің оқытушысы – 5,0 ш.б.;
— Акушерия және гинекология пәнінің оқытушысы – 6,0 ш.б.,
— Терапия пәнінің оқытушысы – 6,0 ш.б.;
— Мейірбике ісі негіздерінің оқытушысы – 3 ш.б.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурс өткізілетін орын: Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Конкурс өткізетін мекеменің мекен жайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 22, инд:160000, электронды пошта: kadr-shvmk-00@mail.ru.
Байланыс телефон: 87018862654
Лауазымдық жалақы мөлшері: 155 734 тенгеден 190 066 теңгеге дейін.
Лауазымның бос немесе уақытша бос болуы: бос лауазым
Лауазым жүктемесі: 1 ставка
Мынадай құзыреттердің бар болуы:
Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

