Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Симуляциялық және кәсіби құзіреттілік орталығы

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Симуляциялық және кәсіби құзіреттілік орталығы

Биботаева Жанар Тогайбаевна

Симуляциялық және кәсіби құзіреттілік орталығының меңгерушісі

Биботаева Жанар Тогайбаевна

Симуляциялық және кәсіби құзыреттілік орталығының меңгерушісі, педиатр, педагог- зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Номер: +7 (7252) 53-09-10 (117)

Кабинет:  Д корпус 307 каб. 3 қабат

Симуляциялық  және  кәсіби  құзыреттілік орталығы Жоғары медициналық колледждің  құрылымдық  бөлімшесі болып табылады.

Жалпы ауданы: 560 шаршы метр

Кабинеттердің жалпы саны — 8, оның ішінде оқуға кабинеттері – 6, әкімшілік-көмекші  кабинеттер – 2

Жабдықталуы -150 млн. теңгеден астам сомаға жетеді

Симуляциялық орталықтың жабдықтарының саны – 50-ден астам, жалпы саны-85 дана

Камералар саны— 16

Дебрифинг кабинетінде оқу-мониторингінің жиынтығы және интерактивті тақта бар. Жылу режимін сақтау үшін орталық 8 кондиционермен жабдықталған.

Колледждің орталығының бөлмелері заманауи механикалық тренажерлармен, муляждармен, фантомдармен, манекендермен, сондай-ақ пациентпен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын үйренуге және болашақ маманның клиникалық ойлау негіздерін бекітуге мүмкіндік беретін пациенттер тренажерлері мен жабдықталған.

Орталықтың құрылымына терапия, педиатрия, хирургия, мейірбике ісі, акушерлік және гинекология сияқты пәндердің имитациялық кабинеттері кіреді. Қоймаүй-жайы бар.

Орталық локальды компьютерлік желімен және білім беруді бақылау жүйесімен жабдықталған, соның арқасында практикалық дағдыларды үйрету мен машықтандырудың бүкіл процесі аудиторияларда орналасқан бейнекамераларға жазылып,  талдаулар жүргізіледі, қорытындылау бөлмесіне таратылады, студенттер арасында манипуляциялар жүзеге асырылады.

Фармацевтикалық мамандардың практикалық дағдыларын қалыптастыру үшін заманауи фармацевтикалық жабдықтармен жабдықталған «Оқу дәріханасы» жұмыс істейді. Оқу дәріханасының құрылымы нақты жұмыс істейтін қазіргі заманғы дәріхана ұйымдарын имитациялайды.

Орталықта орналасқан «Виртуалды анатомия» кабинетінде адам ағзасының анатомиясын сандық форматтау мүмкіндік беретін «Пирогова» интерактивті анатомиялық сенсорлық үстелі бар. Бұл оқыту барысында адам денесінің барлық жүйелерін және әрбір ағзаның  қызметтерін   патологиялардың әсерін зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.