Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Әдістемелік кабинет

Дарибаева Гульмира Абилькасимовна

Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі

Номер+7 (7252) 53-44-61 (118)
Кабинет2 қабат 208

ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ

Колледждің бірыңғай әдістемелік тақырыбы: «Білім беру саласын жаңа сапалы деңгейде шығару үшін жасанды интелектінің мүмкіндіктерін толық пайдалану».

Әдістемелік кабинеттің негізгі міндеттері:

  • Әдістемелік-ұйымдастырушылық:кеңес беру, педагогикалық кеңестер, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу.
  • Ақпараттық: нормативтік құжаттаманы, әдістемелік әдебиеттерді, журналдарды және дидактикалық құралдарды жинау, жүйелеу және сақтау.
  • Диагностикалық: оқу-тәрбие жұмысының сапасын және педагогтардың кәсіби қажеттіліктерін талдау.
  • Инновациялық: оқытудың заманауи технологияларын, формалары мен әдістерін енгізу.

Әдістемелік кабинет жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Білім беру үдерісін кешенді оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді құру және жаңарту.
  2. Педагог қызметкерлерді педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиет жаңалықтарымен таныстыру.
  3. Заманауи әдістерді және жаңа педагогикалық оқыту технологияларын зерделеу, жүйелеу және енгізу.
  4. Бастауыш оқытушыларға заманауи тәсілдерді және озық педагогикалық технологияларды білім беру үдерісіне енгізуге көмектесу.
  5. Педагогикалық қызметті жетілдіруде -педагогқа ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету.
  6. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және кәсіптік қайта даярлауды ұйымдастыру.
  7. Білім алушылардың және оқытушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру.
  8. Педагог қызметкерлердің кәсіптік қызметін жетілдіру мақсаты бар педагогикалық семинарлар, дәстүрлі қаңтар педагогикалық оқулар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар және т.б. жұмысын қамтамасыз ету.

 

ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Әдістемелік кабинет меңгерушісі

Дарибаева Гульмира Абилькасимовна

педагог-шебер, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері

Әдіскер

Жумашев Марат Нуржанович

педагог-модератор

Әдіскер

Аширова Фейруза Гарифуллақызы

педагог-сарапшы

Зертханашы-оператор

Пинчук Ольга Васильевна