Байдуйсенов Паржан Койбагарович
09110100 «Стоматология» мамандығы бойынша 4S09110102 «Дантист» біліктілігі бар орта буын медицина кадрларын даярлау 1953 жылы ашылған тіс емдеу бөлімшесінің негізінде 1999 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді.
Дантист түлектері емдеу-профилактикалық мекемелерде, фельдшерлік-акушерлік пункттерде, ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда және түрлі меншік нысанындағы медициналық ұйымдарда кәсіби қызмет атқаруға даярланады. Олар тіс дәрігері және тіс технигі ретінде жұмыс істеп, халыққа терапиялық стоматологиялық және ортопедиялық көмек көрсете алады.
09110100 «Стоматология» мамандығы бойынша 4S09110102 «Дантист» біліктілігіне оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазіргі уақытта 408 білім алушы оқиды. Оның ішінде 280 білім алушы мемлекеттік тілде, 128 білім алушы орыс тілінде білім алуда.
09110100 «Стоматология» мамандығы бойынша кәсіби білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі:
– негізгі орта білім негізінде – 3 жыл 10 ай;
– жалпы орта білім негізінде – 2 жыл 10 ай.
Оқу үдерісі Қазақстан Республикасының 2023-2025 жылғы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес ұйымдастырылған.
Арнайы оқу пәндері бойынша болашақ дантистерді даярлау 11 оқу кабинетінде, заманауи стоматологиялық жабдықтармен, аппараттармен, пломбалық материалдармен және басқа да қажетті құралдармен жабдықталған 8 зертханада, сондай-ақ колледждің стоматологиялық емханасында жүргізіледі.
Оқу-өндірістік және дипломалды практикалар қала және облыс аумағындағы стоматологиялық мекемелер базасында өткізіледі.
Оқытуды жоғары және бірінші білікті педагогтер жүзеге асырады.
«Стоматология» циклдік әдістемелік бірлестігінде 9 оқытушы бар. Оның ішінде педагог-зерттеуші — 2, педагог -сарапшы — 1, педагог модератор -3, санаты жоқ-3.
Стоматология циклдік әдістемелік бірлестігіне қарасты пәндерді оқытуда «Білім беру саласын жаңа сапалы деңгейде шығару үшін жасанды интелектінің мүмкіндіктерін толық пайдалану» арқылы білім сапасын арттыру 2025-2026 оқу жылындағы әдістемелік тақырыбында жұмыс жүргізілуде: жоспар бойынша оқытушылар сабақ беру барысында жасанды интелектінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдана отырып, білім деңгейлерін арттыруда.
ЦӘБ бірлестігімізде жоспарға сай жұмыстар атқарылуда. Барлық пәндер бойынша оқу жұмыс бағдарламалары мен күнтізбелік тақырыптық жоспарлар құрылып, бекітілген. Бірлестікте үйірме жұмыстары жүргізуде. Даулетбахов Ж.Ш. «Хирургиялық стоматологиядағы жансыздандыру кезіндегі жалпы асқынулармен күресу және алдын алу», Токтамысов Б.А.
«Заманауи алмалы-салмалы протездер дайындау» тақырыбында жұмыс атқарылуда.
ЦӘБ құжаттары сапа менеджменті бойынша жаңа үлгідегі коллонтитул бойынша жасалынып жүргізілуде. Әр айда жиналыстар өткізіліп, хаттамамен рәсімделіп жатыр.
ЦӘБ бірлестігінің оқытушылары өз сабақтарында тақырыпқа сай көрнекіліктер, бейнетаспалар, муляждарды сабақ тақырыбына сәйкес қолданады. ЦӘБ бірлестігінің оқытушылары өз пәндерін оқыту барысында тәжірибелік және теориялық сабақтарда жасанды интелектінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдана отырып, мына элементтерін қолданады: Learn.Genetics – видеосабақтар дайындау. Жасанды интеллект (чат gpt) аквариум әдісі,Өзгелерді оқыту әдісі (Peer teaching), бірлескен оқыту (топтық жұмыс).
ЖИ (Meta AI чаты, Gemini).
Проблемалық оқыту технологиясы:
TBL – командалық оқыту,
PBL – проблемаларды шешуге негізделген оқыту,
CBL – клиникалық жағдайлар негізінде оқыту.
ЖИ қолданамын.
Жұптық оқыту,
аударылған сынып әдісі (flipped classroom).
сабақтарда тақырыптар бойынша симуляциялық орталықта алдын ала дайындаған клиникалық сценарийлер көмегімен сабақ өтеді. Оқытушылар isedu электрондық журналдарына күнделікті бағаларын қойып, оқу нәтижелерін шығарып жатыр.
ЦӘБ-де «Стоматология» бөлмелерінінің төлқұжаттары мен бөлме жоспарлары жасалынып, жұмыстар жүрзіліліп жатыр.
(Таскараев Ж.К., Ордабеков К.Х.) Стоматология бөлмесіне керекті заттарға тапсырыс берілді.
ЦӘБ оқытушылары циклдік әдістемелік бірлестік отырысында «Жасанды интелектінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдана отырып, білім алушылардың білім деңгейін жетілдіру» аясында баяндамалар жасалуда.
Қысқы сессиядағы сараланған сынақтардың тест тапсырмалары өткізілді, емтихан сұрақтары мен тест тапсырмалары берілген кестеге сәйкес өткізілді.
Мақалалар:
Шымкент қаласы ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКҚ-нің 95-жылдық мерейтойы аясында «Білім беру сапасын арттыру және қазіргі жағдайда бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға Таскараев Ж.К.,Ордабеков К.Х. «Искусственный интеллект в исследовательской работе обучающихся: анализ стоматологических снимков и моделирование прикуса», Тлеппаев Б.Н. «ИИ как инструмент симуляции клинических ситуаций в преподавании стоматологических дисциплин», Икласова А.Б., Ченкаров М.Х.«Интраоральные сканеры и искусственный интеллект» мақалаларымен қатысты. Сертификатқа иеленді.
Сайыстар, семинар, конференция, олимпиада
2023 жылдың желтоқсанында ДТ 21 «В» тобының білім алушылары Назруллаев Ш.К., Мыралиева Г.М., және ДТ-21 А тобының білім алушысы Нурпопа Б.Н Республикалық онлайн олимпиадаға қатысты. Олимпиада тақырыбы: «Студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» жобасы бойынша іс-шарасы «Urker Mitek» интеллектуалдық орталығында өтті. Қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
2023 жылдың 8 желтоқсанында стоматология пәндері оқытушылары Шертаева Д.Д. және Ордабеков К.Х. Тәжікстан Республикасында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, «Стоматологиялық пәндерді оқытуда инновациялық ойын технологияларын қолдану» тақырыбы бойынша мақала жариялады. Сертификаттар алынды.
2023-2024 оқу жылы 2024 жылдың 12-14 ақпан аралығында Ресей Федерациясының Саха Республикасындағы «Нерюнгринск медициналық колледжі» мемлекеттік бюджетке қарасты кәсіби білім беру мекемесінде «Адам анатомиясы және физиологиясы» және «Микробиология және иммунология негіздері» пәндері бойынша Жалпы Россиялық (Халықаралық дәрежедегі) метапән олимпиадасы өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша ДТ 23 «Г» тобынан Султанова Саида Дилмуратовна, Шатманов Алмазхон Мухаммадалиханович, Халилова Жасмина Умидовна I дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекші: Биботаева Ж.Т.).2024 жылдың 29 ақпанында Ресей Федерациясының «Якутск медициналық колледжі» ГАПОУ-де «Ұлт денсаулығы біздің қолымызда» тақырыбында X-Мерейтойлық Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл конференция Ресей Федерациясындағы Отбасы жылына және Саха Республикасында Балалар жылына арналып өткізілді. Конференция нәтижесінде ДТ 23 «Г» тобынан Ильхамжанов Шохрух Кудратович “Заманауи жастардың салауатты өмір салтының тенденциялары мен проблемалары” тақырыбында I дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Биботаева Ж.Т.2024 жылғы 07 қараша мен 03 желтоқсан аралығында Саянский медицинский колледж базасында (Ресей Федерациясы) жалпы кәсіптік пәндер бойынша студенттердің аймақаралық (халықаралық қатысумен) кешенді олимпиадасы өткізілді.Аталған олимпиаданың мақсаты – мамандыққа деген қызығушылықты және жалпы кәсіптік оқу пәндерін оқуға ынтаны арттыру, сондай-ақ жалпы кәсіптік пәндер мен кәсіби модульдер арасындағы интеграциялық байланысты нығайту болды.Білім алушылар I дәрежелі дипломмен марапатталды: ДТ-24-Е тобының студенттері Абдрахманов А. және Хидоят М.С.
III дәрежелі дипломмен ДТ-24-Е тобының білім алушысы Туражбеков А.Б. марапатталды.Жетекшілері: Султанов М.А., Биботаева Ж.Т., Серикова Л.Е.
2025 жылы 22 қазан – 17 қараша аралығындағы «IQ College» жобасы аясында «Urker Mitec» зияткерлік орталығында өтетін медицина саласында оқитын 1,2,3 курс студенттері арасындағы жыл сайынғы Гиппократ Республикалық онлайн олимпиядасы өткізілді. Осыған орай конкурсқа төмендегіні жетекшілері білім алушыларды дайындап, қатыстырды. Қатысқаны үшін сертификат, диплом алып, 1,2,3 орындарды иеленді. Қатысқан студенттер:
1.Таскараев Ж.К. жетекшілігімен
ДТ 23 «Г» тобының білім алушысы Султанова Саида – ІІІ орын , Абдумуталова Зилола – ІІ орын
2.Ордабеков К.Х. жетекшілігімен
ДТ 23 «Г» тобының білім алушысы Султан Эльнура Нурланқызы – ІІІ орын, Абдурахманова Н.Д. – І орын
3.Спабеков К.С. жетекшілігімен
ДТ 23 «Б» тобының білім алушысы Бахадирова Омина – ІІ орын ,
ДТ 23 «А» тобының білім алушысы Курманалина Сая – І орын.

19.11.2025ж. «Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттарға төзімділік» атты апталығы аясында колледжде «Стоматология» мамандығының білім алушылары арасында «Ауыз қуысы инфекцияларын емдеуде антибиотиктердің жанама әсерлері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Ауыз қуысы инфекцияларын емдеуде антибиотиктердің емдеу кезіндегі жанама әсерлерінің түрлері туралы стоматология пәндері оқытушылары Ж.К. Таскараев пен Қ.Х. Ордабеков презентация, бейнематериалдар көрсетті.
Біліктілікті арттыру:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «DARYN USTAZ» педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру орталығының ұйымдастыруымен «Білім берудегі жасанды интеллект: оқу процесін цифрлық трансформациялау мен инновациялық технологиялар» тақырыбында 80 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсы өтті. Біліктілікті арттыру курстарынан өту барысында төмендегі модульдер бойынша тиісті білім мен дағдыларды көрсетті:
– қазіргі білім берудегі жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен білім беру болашағы;
– жасанды интеллектке негізделген жекелендірілген оқыту және бейімделген білім беру платформалары;
– білім беру процесін ұйымдастыру мен басқаруда жасанды интеллект технологияларын қолдану;
– жасанды интеллект негізінде педагогтер мен білім алушылардың цифрлық құзыреттіліктерін дамыту;
– жасанды интеллектті пайдалана отырып цифрлық білім беру контентін әзірлеу.
Қатысып сертификат алған оқытушылар: (24.11.2025-08.12.2025) Таскараев Жанузак Қушербаевич – 80 академиялық сағат, Тіркеу нөмірі: №22248, Берілген күні: 08.12.2025
(21.11.2025-05.12.2025) Ордабеков Қайрат Хашимович – 80 академиялық сағат,Тіркеу нөмірі: №54208 Берілген күні: 05.12.2025
(01.12.2025-15.12.2025) Икласова Айжан Булатовна – 80 академиялық сағат, Тіркеу нөмірі: №26713, Берілген күні: 15.12.2025
(04.12.2025-18.12.2025) Ченкаров Мурат Хамзаевич –80 академиялық сағат, Тіркеу нөмірі: №27561 Берілген күні: 18.12.2025