2026 жылғы 11 ақпан күні колледжде білім алушыларымен «Жапон» әдісі шеңберінде жол қозғалысы ережелері бойынша «Жылдамдық емес, өмір маңызды: жапон үлгісі»такырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент ҚПБ Әл-Фараби АПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Е.Қошанов және кәмілетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, полиция майоры Б.Айтуғанов және полиция майоры Д.Байбатыров қатысты.
Кездесу барысында «Жапон» әдісі тәртіп пен қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке үлгісінен басталатынын, мұндай тәсіл материалды жақсы меңгеруге, жауапкершілікті дамытуға және жолда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға көмектесетінін айтып өтті.

